Қарахан мемлекетінің тарихнамасында Ш.Маржанидің алатын орны

Қазіргі уақытта орта ғасырлардағы Орталық Азияның X-XII ғасырлардағы саяси және мәдени тарихында маңызды орын алған, тарих ғылымында Қарахан әулеті мемлекеті ретінде белгілі түркі-мұсылман әулетінің тарихына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп келе жатыр. Қарахан әулеті туралы алғашқы ғылыми зер...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: Aitkul Makhayeva, Temirlan Maratuly
Format: Article
Language:English
Published: L.N. Gumilyov Eurasian National University 2025-06-01
Series:Turkic Studies Journal
Subjects:
Online Access:https://tsj.enu.kz/index.php/new/article/view/592
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Қазіргі уақытта орта ғасырлардағы Орталық Азияның X-XII ғасырлардағы саяси және мәдени тарихында маңызды орын алған, тарих ғылымында Қарахан әулеті мемлекеті ретінде белгілі түркі-мұсылман әулетінің тарихына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп келе жатыр. Қарахан әулеті туралы алғашқы ғылыми зерттеулер Батыста XVIII ғасырда пайда бола бастады. Алайда ортағасырлық араб дереккөздерінің жеткіліксіздігі бұл зерттеулердің толыққанды жүргізілуіне кедергі келтірді. Жалпы алғанда, бұл еңбектер әулет билеушілерінің шығу тегін сипаттаумен ғана шектелді. Бұл мемлекеттің саяси тарихы мен діни сенімдерінің эволюциясы толық зерттелмеген еді. Сондай-ақ, Қарахан әулеті билеушілері соқтырған, XIX ғасырдың басында Ресей империясының кейбір нумизматтары зерттеген теңгелер секілді заттық мәдениет те жеткілікті деңгейде зерттелмеді. Қарахан әулеті билеушілерінің өмірі мен тарихына қатысты зерттеулерде көбінесе Х.М.Френ, Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Григорьев, В.В. Бартольд сияқты ғалымдардың еңбектері кеңінен пайдаланылып және қолданылып келеді. Алайда ұзақ уақыт бойы XIX ғасырдағы белгілі татар тарихшысы, ағартушысы және ойшылы Шиһабуддин Маржанидің Қарахан әулеті мемлекетінің тарихын зерттеп, бұл туралы жазған «Гурфат ал-хевакин ли арфати әлхавакин» атты еңбегі ғалымдардың назарынан тыс қалып келді. Бұл көлемі шағын, бар болғаны 33 беттен тұратын кітапта X-XII ғасырлардағы Орталық Азияның саяси тарихы баяндалып, сонымен қатар Қарахан әулеті мемлекетінің қызметі мен аймақ тарихына қатысты мол мәліметтер жинақталған. Айта кету керек, Ш.Маржанидің бұл еңбегі ұзақ уақыт ұмыт қалды (оған себептердің бірі ретінде В.В. Бартольдтың «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» атты еңбегінің жарық көргені айтылады) және татар тарихшысының идеялары салыстырмалы түрде тек жақында ғана ғылыми айналымға ене бастады. Зерттеу барысында мақала авторлары Қарахан әулеті мемлекетінің тарихына арналған Батыс ғалымдарының, атап айтқанда Йозеф де Гинь, Х.Д. Френ, К.И. Торнберг және басқа да зерттеушілердің еңбектерін қарастырып, оларды сыни талдаудан өткізеді. Ш. Маржанидің «Гурфат ал-хевакин ли арфати әл-хавакин» еңбегінің өзектілігі мен құндылығын атап өте отырып, мақала авторлары ортағасырлық Қарахан әулеті мемлекетінің тарихын зерттеудегі көптеген олқылықтар осы еңбекте көрініс тапқанын және Ш. Маржанидің еңбегі Қарахан әулеті мемлекетінің тарихнамасына сөзсіз зор үлес қосатынын алға тартады.
ISSN:2664-5157
2708-7360