Исследование взаимодействия макромолекул полупроводниковых полимеров и цианинового красителя
Мақалада фотоөткізгішті полимер мен цианинді бояғыштың негізіндегі композиттің тəжірибелік жəне кванттық-химиялық зерттеу нəтижелері ұсынылған. Бояғыштың жұтылу жəне флуоресценция спектрлері тəжірибе жүзінде зерттелді. Нəтижелер, полимерлі матрицада цианинді бояғыштың жұтылу жəне флуоресценция спек...
Saved in:
| Main Authors: | , , , |
|---|---|
| Format: | Article |
| Language: | English |
| Published: |
Academician Ye.A. Buketov Karaganda University
2019-03-01
|
| Series: | Қарағанды университетінің хабаршысы. Физика сериясы |
| Subjects: | |
| Online Access: | https://phs.buketov.edu.kz/index.php/physics-vestnik/article/view/287 |
| Tags: |
Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
|
| Summary: | Мақалада фотоөткізгішті полимер мен цианинді бояғыштың негізіндегі композиттің тəжірибелік жəне кванттық-химиялық зерттеу нəтижелері ұсынылған. Бояғыштың жұтылу жəне флуоресценция спектрлері тəжірибе жүзінде зерттелді. Нəтижелер, полимерлі матрицада цианинді бояғыштың
жұтылу жəне флуоресценция спектрлері бояғыштың ерітіндегі спектрлеріне қарағанда, батохромды жылжығанын көрсетті. Спектрлердің енінің өсуі мен олардың жылжуы қатты қабыршақтарда молекулалардың тығыз орналасуымен байланысты. Нəтижесінде бояғыш молекулаларының
молекулааралық əрекеттесу күштері артады, ол бояғыштың электрондық-қозған күйлерінің энергиясының төмендеуінен байқалады. Тəжірибелік жəне кванттық-химиялық есептеулердің кешенді талдау көмегімен полимер молекулалары мен бояғыштың оңтайлы конфигурациясы мен оптикалық
қасиеттері болжалды. Ең оңтайлы болып өзара əрекеттесетін молекулалар арасы 2,2–2,4 Å-ге тең «сэндвич» конфигурациясы болып табылады. Есептеулер цианиді бояғыш пен фотоөткізгіш полимер кешенінде электрондық тығыздықтың делокализациясы болатынын жəне алмасудың дипольдік
моментінің өзгеретінін көрсетті. Сонымен бірге S0-S1 өтуінің энергиясының төмендеуі жəне өтудің осциллятор күшіне пропорционал қысқатолқынды жұтылудың қарқындылығының өсуі байқалды. Зерттелген кешенде HOMO-LUMO молекулалық орбитальдардың үлесі үлкен. Алынған нəтижелер
болжамды қасиеттері бар жүйелер жасау үшін қолданылу мүмкін.
|
|---|---|
| ISSN: | 2518-7198 2663-5089 |