«Алтын жарық» көне ұйғыр ескерткіші: ашылуы, зерттелуі және аудармалары
Мақала б.д. X ғасырына жататын көне ұйғыр ескерткіші – «Алтын жарықтың» ашылу тарихын, оның зерттелуін талдауға арналған. Ескерткіш XIX ғасырдың соңында ашылып, оны орыс, неміс, ағылшын, қытай ғалымдары зерттеді, кейінірек француз, түрік, жапон, швед, қазақ ғалымдары да зерттеу жұмыстарына атсалыс...
Saved in:
| Main Authors: | , , |
|---|---|
| Format: | Article |
| Language: | English |
| Published: |
L.N. Gumilyov Eurasian National University
2025-03-01
|
| Series: | Turkic Studies Journal |
| Subjects: | |
| Online Access: | https://tsj.enu.kz/index.php/new/article/view/606 |
| Tags: |
Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
|
| Summary: | Мақала б.д. X ғасырына жататын көне ұйғыр ескерткіші – «Алтын жарықтың» ашылу тарихын, оның зерттелуін талдауға арналған.
Ескерткіш XIX ғасырдың соңында ашылып, оны орыс, неміс, ағылшын, қытай ғалымдары зерттеді, кейінірек француз, түрік, жапон, швед, қазақ ғалымдары да зерттеу жұмыстарына атсалысты; Шығыс Түркістанға арнайы экспедициялар ұйымдастырылды. Алайда
«Алтын жарық» ескерткішінің тілі, мазмұны, транскрипциясы мен аудармаларына қатысты әлі де «ақтаңдақтар» көп, сондықтан әртүрлі елдердің ғалымдары үшін бұл жәдігерді зерттеу мәселесі
өзекті және сұранысқа ие. Көне ұйғыр жазуымен хатқа түскен бұл мұраның ерте орта ғасырларда қытай, санскрит және басқа да байырғы тілдерге аударылғаны белгілі, сол себепті XIX–XXI ғғ. ғалымдары ескерткіштің түпнұсқасын емес, оның Санкт-Петербург пен Берлинде сақтаулы аударма мәтіндерін пайдаланады. Осыған байланысты зерттеушілер арасында ескерткіштің «Санкт-Петербург нұсқасы» және «Берлин нұсқасы» деген атаулар тараған. Бұл мақалада авторлар көне ұйғыр ескерткішін Шығыс және Батыс ғалымдарының зерттеу тарихын жүйелеуге, жинақтауға, сондай-ақ
оның аудармаларының ерекшеліктеріне назар аударуға тырысады. Осы мақсатта авторлар қытай, орыс, неміс, ағылшын, түрік және басқа да тілдердегі
дереккөздерге сүйеніп, шетелдік ғалымдардың «Алтын жарықты» зерттеуіне қатысты мәліметтерді қорытады, мәтіндерді салыстырмалы талдаудан өткізеді.
Ескерткішті ең алғаш зерттеген орыс және Еуропа ғалымдарының (С. Малов, В. Радлов, Ф. Мюллер, А. Стейн) қосқан үлестеріне көңіл бөлінеді. Мәселен, С. Малов мәтінді тек транскрипциялаумен және аударумен ғана шектелмей, ескерткіштің консонанттық жүйесіндегі дыбыстық айырмашылықтарды анықтады. Ф.Мюллер өз экспедициясының зерттеу нәтижелерін, ескерткіштің транскрипциясын және неміс тіліне аудармасын
С.Маловтан бұрын, 1908 жылы жариялады. Ескерткішті зерттеуде жапон және түрік ғалымдары Р. Арат, В. Эберхар, С. Чағатай мен басқалардың еңбектері маңызды орын алады. Сонымен қатар, мақалада қытайлық түркітанушы Гэн Шиминнің еңбектері, оның жетекшілігімен түркі жазба ескерткіштерін, соның ішінде көне ұйғыр жәдігерлері – «Алтын жарық», «Майтри Симит», «Таң Суанзаң хазіреттің батысқа сапары» сынды мұраларды зерттеумен айналысатын жас ғалымдардың тұтас мектебі қалыптасқандығы ерекше аталып өтеді.
Қазіргі уақытта «Алтын жарық» көптеген Еуропа, шығыс және түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де аударылған (Ғ. Айдаров және т.б.). Мақала авторлары бұл ескерткішті қытай тілінен қазақ тіліне өздері тарапынан жаңадан аударып жатқаны жөнінде хабардар етеді.
|
|---|---|
| ISSN: | 2664-5157 2708-7360 |