Мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін жақсартуға арналған үшэлектродты электрразрядты қондырғының əсері

Мақала мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін арттыру мақсатында қолданылған қондырғының жұмысына арналған. Құбыр желілерімен тасымалдау үшін жоғары тұтқырлы жəне жоғары парафинді майларға механикалық əсерімен байланысты майларды дайындау əдістері қазіргі таңда мұнай өңдеу зауыттарының өзект...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: A.Zh. Satybaldin, B.R. Nussupbekov, Z.K. Aitpaeva, Fengyun Ma, N.N. Omarov
Format: Article
Language:English
Published: Academician Ye.A. Buketov Karaganda University 2019-03-01
Series:Қарағанды университетінің хабаршысы. Физика сериясы
Subjects:
Online Access:https://phs.buketov.edu.kz/index.php/physics-vestnik/article/view/272
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Мақала мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін арттыру мақсатында қолданылған қондырғының жұмысына арналған. Құбыр желілерімен тасымалдау үшін жоғары тұтқырлы жəне жоғары парафинді майларға механикалық əсерімен байланысты майларды дайындау əдістері қазіргі таңда мұнай өңдеу зауыттарының өзекті мəселесі болып табылады. Əдістердің ішіндегі ең дамығаны электргидроимпульстік разрядтар əдісі болып табылады, ол күрделі құрылым бөлшектерінің өлшемдері мен формасын өзгерту арқылы майлы дисперсті жүйенің қасиеттерін реттеп отыруға мүмкіндік береді. Экологиялық таза синтетикалық сұйық отынды өндіруді жасау жоғары тұтқырлы мұнайды өңдеудің технологиялық үрдістерін жетілдіруді жобалайды. Мұндай міндетті шешу үшін берілетін мұнайдың физика-химиялық сипаттамаларын арттыру үшін мұнай құбыры арнасында электргидроимпульсті өңдеудің үшэлектродты жүйесі қолданылды жəне келесі факторларда: Х1 — өңдеу уақыты; Х2 — конденсатор батареясының сыйымдылығы; Х3 — разрядаралық ұзындық, Х4 — қосылатын шапшаңдатқыш мөлшері; Х5 — қосылатын сутегі доноры тəжірибе жұмыстары орындалды. Тəжірибелердің мəліметтері мақалада келтірілген. Жұмыстарды жоғары тұтқырлы көмірсу қосылыстарындағы əртүрлі кластағы қосылыстар үшін жүргізу қажет. Көмірсу қосылыстарының органикалық массасының өзгеріс механизмдерін тереңінен зерттеу жаңа жоғарытиімді гидрлеу үрдістерін өңдеуде негізгі талап болып табылады.
ISSN:2518-7198
2663-5089