«Гүлістан бит түркі» ескерткіші мәтініндегі «айт» етістігінің валенттілігі

Мақалада «Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі «айт» етістігінің валенттілігі талданады. Валенттілік теориясы сөз тіркесімділігімен, синтаксистік жүйемен байланысты болғандықтан, бұл теория тілдегі сөздерді байланыстыру логикасын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл орта ғасыр тіліндегі жекелеген сөзд...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: Quanyshbek Kenzhalin, Aierke Zinedina
Format: Article
Language:English
Published: L.N. Gumilyov Eurasian National University 2025-06-01
Series:Turkic Studies Journal
Subjects:
Online Access:https://tsj.enu.kz/index.php/new/article/view/625
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Мақалада «Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі «айт» етістігінің валенттілігі талданады. Валенттілік теориясы сөз тіркесімділігімен, синтаксистік жүйемен байланысты болғандықтан, бұл теория тілдегі сөздерді байланыстыру логикасын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл орта ғасыр тіліндегі жекелеген сөздердің синтаксистік әлеуетіне талдау жасауға, халықтың ойлау жүйесін айқындауға және бүгінгі тілдің құрылымымен салыстыруға жол ашады. Осыған орай зерттеу «Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі «айт» етістігінің валенттілік құрылымын талдауды және оны қазіргі қазақ тіліндегі қолданысымен салыстыруды мақсат етеді. Зерттеу әдістері ретінде синтаксистік-семантикалық және тарихи-салыстырмалы, статистикалық-корпустық талдау түрлері қолданылады. Статистикалық-корпустық әдіс арқылы «Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі «айт» етістігінің қолданыс көрсеткіші талданса, тарихи салыстырмалы әдіс орта ғасыр түркі тіліндегі «айт» етістігінің құрылымдық ерекшеліктерін қазіргі қазақ тілінің нормаларымен салыстыруға мүмкіндік береді. Ал синтаксистіксемантикалық талдау әдісі негізінде «айт» етістігінен жасалған сөз байланыстарының мағыналық-құрылымдық сипаты талданады. «Айт» етістігінің валенттілігін анықтау үшін «айт» етістігінен жасалған етістікті сөз тіркестерінің құрамындағы актанттық құрылымдарға талдау жасалды. «Айт» етістігі агенс, модификатор, пациенс, адресат сынды актанттық құрылымдардан тұратыны және бұл етістіктің 6 валентті екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, «айт» етістігі орта ғасыр түркі тілінде қазіргі қазақ тіліндегі қолданысынан әлдеқайда кең мағыналық және синтаксистік мүмкіндіктерге ие болған. Бұл етістік бірқатар грамматикалық формаларда қолданылған. Аytti, aytur, ayttim, aytkan сияқты түрлі тұлғалар бұл етістіктің мәнмәтіндегі тіркесімділік қабілеті жоғары екендігін көрсетеді. Зерттеу «айт» етістігінің синтаксистік валенттілігі өзгермегенімен, оның семантикалық кеңістігі тарихи даму барысында тарылғанын көрсетті. Орта ғасыр жазба тіліндегі «айт» етістігінің мағыналық жүгі қазіргі қазақ тілінде басқа етістіктерге бөлініп, функционалды-стильдік саралануға ұшыраған. Мысалы, «айт» етістігі қазіргі қазақ тілінде тек хабарлау мағынасында қолданылса, бұрын бұл етістік сөйлеу, айту, көрсету, бұйыру сияқты кең ауқымды қызметтерді атқарған. Зерттеуде қол жеткізілген теориялық тұжырымдар қазақ тілінің дамуындағы валенттілік, мағыналық жіктелу және құрылымдық сабақтастық мәселелерін тереңірек зерттеуге негіз болады. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің тарихи құрылымдарының бүгінгі тілдің қолданысын дамытудағы рөлін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында алынған мәліметтер қазақ тілінің даму жолындағы маңызды кезеңдерді айқындап, түркі тілдерінің тарихи дамуы мен олардың қазіргі тілдерге әсері туралы жаңа ғылыми көзқарастарды ұсынуға жол ашады. Тілдік жүйелердің сабақтастығын зерттеу тіл біліміндегі жаңа бағыттарға серпін береді.
ISSN:2664-5157
2708-7360