Жылу энергиясын есептейтін аспаптардағы мəліметтерді қашықтықтан алу үшін деректер концентраторын пайдалану

Көп көлемдегі жылу есептеуіш аспаптарынан мəліметтерді нақты жəне жылдам алу қажеттілігі XXI ғасырда мүмкін жəне шешімін толығымен таба қоймаған мəселелердің бірі болып отыр. Жалпы, жылу есептеу жүйесі негізгі үш аспаптан тұрады: ыстық жене суық суға арналған шығынөлшеуіштер, кедергі термометрлері...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: K.M. Shaimerdenova, A.M. Mekeyeva, A. Rahmankyzy
Format: Article
Language:English
Published: Academician Ye.A. Buketov Karaganda University 2017-06-01
Series:Қарағанды университетінің хабаршысы. Физика сериясы
Subjects:
Online Access:https://phs.buketov.edu.kz/index.php/physics-vestnik/article/view/175
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Көп көлемдегі жылу есептеуіш аспаптарынан мəліметтерді нақты жəне жылдам алу қажеттілігі XXI ғасырда мүмкін жəне шешімін толығымен таба қоймаған мəселелердің бірі болып отыр. Жалпы, жылу есептеу жүйесі негізгі үш аспаптан тұрады: ыстық жене суық суға арналған шығынөлшеуіштер, кедергі термометрлері жəне жылу есептеу аспабы. Əдетте, үрдісті жылу есептеуіш аспаптардан мəліметтерді қашықтықтан түсіруге мүмкіндік беретін əмбебап GSM-модемдерінің жүзеге асырылуымен түсіндіруге болады. Мақалада аталмыш мəселені жылу мəліметтерін қашықтықтан алу үрдісінде бірнеше атқарушылық мүмкіндіктерге ие деректер концентраторының көмегімен шешу жайында айтылмақ. Сонымен қатар жылу мəліметтерін қашықтықтан алудың маңыздылығы, тиімділігі мен үнемділігі де сөз болады. Біз жылу есептеу жүйесіне арнайы бағдарлама орнатылған дербес компьютермен байланысатын деректер концентраторын орнатамыз. Бұл бізге жылу аспаптарынан мəліметтерді қашықтықтан алумен қатар, жылу желілеріне мониторинг жасауға, жүйедегі апатты жағдайлардың алдын алуға жəне орын алған жағдайда уақытылы біліп, дереу ісшаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни мақсатымыз осы іс-əрекетті орындау үшін жылу есептеу аспаптарынан мəліметтерді барынша нақты, əрі тиімді алу əдістері негізінде жұмыс жасайтын бағдарламалық кешенді орнату жəне тəулігіне жиырма төрт сағат байланысқа шығуын қабілетті ету болып табылады.
ISSN:2518-7198
2663-5089